$ 504.49  587.73  6.57

Алматы әкімі «Медеу» биік таулы спорт кешеніндегі жаңарту жұмыстарымен танысты

Жоба аясында халықаралық стандартқа сай заманауи әрі энергия үнемдейтін кеңістік құру жоспарланған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында «Медеу» биік таулы спорт кешеніне барып, жүргізіліп жатқан жаңарту жұмыстарымен танысты. Қала басшысы жаңғырту кезінде Алматының спорттық және мәдени мұрасының бір бөлігі саналатын аңызға айналған мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жоба аясында халықаралық стандартқа сай заманауи әрі энергия үнемдейтін кеңістік құру жоспарланған. Бұл үшін жаңа тоңазытқыш жабдығын орнату және инженерлік коммуникацияны толық ауыстыру көзделген.

Шығыс қанаттағы қонақ үй жаңартылып, батыс трибунада кофеханалар мен демалыс аймағы орналасқан терраса жасалады. Кешен алдында жерасты паркингінің үстінде «SUN-DECK» аталатын көпфункционалды қоғамдық кеңістік форматындағы демалыс аймағы пайда болады.

Іргелес аумақты көркейтуге ерекше көңіл бөлінген: жүргіншілер аймағы, шолу алаңдары және панорамалық нүктелер жасалады. Сонымен бірге көгалдандыру, заманауи және сәулеттік жарық беру орнатылады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін екі жеделсаты қарастырылған.

«Медеу» биік таулы спорт кешенін жаңарту жұмыстарын 2027 жылы төртінші тоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары