$ 514.74  599.36  6.71

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, 1 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Апат Қандыағаш – Ембі тасжолында болған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақтөбе облысындағы автожолда қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Апат Қандыағаш – Ембі тасжолында болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жолда Toyota және Renault маркалы көліктердің соқтығысқанын хабарлады.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», – деп мәлімдеді полиция.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы – «Көлік құралдарын басқарған адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары