$ 518.39  603.09  6.68

Астанада жолаушылар мінген автобус жол бойындағы бағанаға соғылып, екі адам жараланды

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба жарияланды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанада жолаушылар мінген маршруттық автобус жол бойындағы бағанаға соғылды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба жарияланды.

«Iveco маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Молдағұлова көшесімен келе жатып, жол-көлік және ауа райы жағдайларын ескермей, рөлге ие бола алмай, жарық шамының тірегіне соғылған. ЖКО салдарынан автобустың екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер оларды тексергеннен кейін үйіне жіберді», – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік сауалына берген жауабында.

Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары