$ 514.74  599.36  6.71

Астанада жасөспірімдер 16 жастағы қызды аяусыз зорлап, өлтірген

Министрлік өкілінің дерегінше, Қазақстанда әр екінші кісі өлтіру, әр үшінші зорлау фактісі алкогольдік масаң күйде жасалады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Сенат отырысында бірқатар кәсіпкерлер түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзып жатқанын мәлімдеді. Бұл елдегі қылмыс көрсеткішіне кері әсер еткенін айтады ол, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Вице-министр осыған байланысты Астанада болған оқиғаны мысал ретінде келтірді.

“Астанада 18 қараша күні 16 жастағы жасөпірімдер пәтер жалдап, дүкеннен спирттік ішімдік сатып алып, ішімдік ішкен. Осыдан кейін олар 16 жастағы қызды аяусыз зорлап, өлтірген”, – деді Санжар Әділов.

Министрлік өкілінің дерегінше, Қазақстанда әр екінші кісі өлтіру, әр үшінші зорлау фактісі алкогольдік масаң күйде жасалады.

“Қазір елімізде әр екінші кісі өлтіру, әр үшінші зорлау мен бұзақылық алкогольдік масаң күйде жасалады. Әр төртінші тонау мен жол-көлік оқиғасы да мас адам тарапынан жасалады. Қылмыстардың 60% түнгі уақытта жасалады. Биыл көңіл көтеретін орындардағы құқықбұзушылықтар туралы азаматтардан 42 мың өтініш түсті. 11 айда 1749 қылмыстық іс тіркелді. Елде жасалған әр төртінші құқықбұзушылық – масаң күйде жасалған әрекет. Қазір бұл 10 кісі өлтіру, 579 дене жарақатын келтіру фактісі, 8 зорлау, 26 тонау, 238 бұзақылық”, – деді Санжар Әділов.

Вице-министр Астана мен Алматыдағы жағдай ерекше алаңдататынын атап өтті.

“Елордадағы 171 көңіл көтеру орнында 357 қылмыс жасалды, олардың басым бөлігі түнгі уақытта, тіпті таңға жуық уақытта орын алған. Бірқатар орындарда құқықбұзушылық бірнеше рет қайталанып отыр. Жыл басынан бері Астанада 3431 шақыру тіркелді, оның 90 пайызы сағат 23:00-ден кейін. Бір нысанда бес қылмыс тіркелді, оның төртеуінде пышақ қолданылған, соңғысы –  адам өлімімен аяқталған. Алматы бойынша да статистика өте қорқынышты. 3588 қоңырау түсіп, 14-тен астам кісі өлтіру фактісі анықталған”, – деп атап өтті вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары