$ 514.74  599.36  6.71

Бүгін бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз болады

Солтүстік антициклонының әсерінен қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" синоптиктері 2025 жылғы 10 желтоқсан, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның қай аймақтарында ауа райы қолайсыз болатынын, хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклонымен байланысты фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады және жел күшейеді, ал кей жерлерде қалың қар түседі.

"Солтүстік антициклонының әсерінен қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін 8 желтоқсанға қараған түнi Алматының тау және тау бөктеріндегі аудандарында қар жауып, күн суытқанын жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары