12.12.2025, 13:00

Маскадағы жігіт ерекше отбасыға үй сыйлап, көпшіліктің көңілін босатты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Бегімай – сол көзі мүлде көрмейді, ал оң көзі небәрі 2-3 пайыз ғана көреді.

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт отбасы мүшелерінің бәрінде мүгедектігі бар жанұяға баспана мен көлік сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бегімай – сол көзі мүлде көрмейді, ал оң көзі небәрі 2-3 пайыз ғана көреді. Қызына ДЦП диагнозы қойылған, эпилепсиямен ауырады. Күйеуі мүгедектер арбасына таңылған, оған ревматоидты полиартрит диагнозы қойылған. Бұған қарамастан, ол өзгенің көлігімен такси жүргізіп, отбасын асырап отыр. 

Өз баспаналары жоқ.

“Мен барлық қиындықтың артында бір қайыр болатынын білемін. Қызымның сырқатына да шүкіршілік етемін, өйткені Жаратқан бізді жақсы көргендіктен, күнә жасамас үшін, ешкімге зиян тигізбес үшін осылай сынайды деп сенемін”, – деді Бегімай.

Қара бетперде киген отбасыға ем қабылдауға қаржы, кіші қажылыққа жолдама сыйлап, көлік пен жаңа пәтердің кілтін табыстады.

“Ең адал, ең лайықты отбасылар көбіне ел көзінен таса жүреді, бірақ Жаратушы үшін олар аса қымбат”, – деді ол.