$ 522.38  612.6  6.54

Таразда ер адам 83 жастағы қарияны подъезде пышақтап кеткен

Полиция күдіктіні анықтап, оның 68 жастағы Тараз тұрғыны екенін мәлімдеді.

Фото: shelkovo.bezformata.com
Фото: shelkovo.bezformata.com

Таразда егде жастағы ер адам зейнеткерді өлтірді деген күдікке ілінді. Қайғылы жағдай бір күн бұрын көпқабатты үйдің подъезінде болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады ведомство.

Полиция күдіктіні анықтап, оның 68 жастағы Тараз тұрғыны екенін мәлімдеді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазір іс бойынша толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге бағытталған қажетті процестік әрекеттер атқарылып жатыр. Барлық тергеу амалдары заң талабына сай жүзеге асуда. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді полиция.

Сонымен қатар, тергеудің мүддесі үшін өзге мәліметтер жарияланбайтыны атап өтілді.

Оқиға туралы ақпарат 12 желтоқсанда әлеуметтік желілерде тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, жергілікті тұрғындар бір күн бұрын 83 жастағы ер адамның денесін тапқан.

Белгілі болғандай, зейнеткер дүкеннен қайтып келе жатып күдіктіні кездестірген және оны үйіне шақырған. Подъезде күдікті пышақ шығарып, бірнеше рет соққы жасады да, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары