13.12.2025, 22:30

Абылайхан Жүсіпов бокстан алғаш рет әлем чемпионы атанды

Фото: El.kz

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіпов 71 келіде ел намысын қорғады.

Отандасымыз ақтық сында ресейлік Сергей Колденковпен қолғап түйістірді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Алғашқы 2 раундта Абылайхан қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті. Шешуші раундта да оның басымдығы байқалды.

Нәтижесінде, Абылайхан Жүсіпов қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атағын алғаш рет жеңіп алды.

Абылайхан Жүсіпов бұған дейін 2017, 2019, 2021 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.