$ 522.38  612.6  6.54

Шымкентте төбесі тесілген үйлер көбейді: Шатырдан су ағады

Әкімдік мәселені бақылауда ұстаймыз деген құрғақ уәдемен шектеліп, халықтың жанайқайын елеусіз қалдырып отыр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Шымкент қаласында Қаратау ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде әр жаңбыр сайын төбеден су сорғалап, пәтерлер мен подъездер жарамсыз күйге түсіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан қабырғалардың көгеріп, су электр желілеріне дейін жеткенін көруге болады. Тұрғындар бұл мәселенің жылдар бойы шешілмей келе жатқанын айтып, жауапты мекемелерге бірнеше рет шағымданған.

Соған қарамастан, Қаратау аудандық әкімдігі жағдайдан хабардар бола тұра, нақты нәтиже беретін шара қабылдамаған. Мамандар мұндай жағдай тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретінін ескертеді.

Әкімдік мәселені бақылауда ұстаймыз деген құрғақ уәдемен шектеліп, халықтың жанайқайын елеусіз қалдырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары