19.12.2025, 12:20

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалды

Фото: ru.pinterest.com

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 18 желтоқсан күні болған.

Орал қаласында бір үйдің 5 баласы мен анасы табиғи газдан уланып қалды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. 5 бала Зачаган кентінде орналасқан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты бақылауға алынған.

Ал, балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр.

Мамандардың айтуынша, әйелдің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Ведомство өкілдері зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Тегтер: улану газ Орал