19.12.2025, 19:00

Атырау облысында бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалған аңшының мәйіті табылды

Фото: instagram / assylay_uza

1964 жылы туған азаматтың денесі Жылыой ауданындағы қамысты алқаптан табылған.

Атырау облысында 14 желтоқсаннан бері хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1964 жылы туған азаматтың денесі Жылыой ауданындағы қамысты алқаптан табылған.

«Аталған азамат 15 желтоқсан күні іздеуге берілген болатын. Қазіргі уақытта тиісті тексеру шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады полиция өкілдері.