$ 517.66  606.49  6.44

Алдағы күндері –35 градус аяз болады

Ел аумағында тұман, көктайғақ болып, сондай-ақ жел күшейеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алдағы 3 тәулік ішінде ел аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар жауады.

Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болжанады, ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қар жауады.

Ел аумағында тұман, көктайғақ болып, сондай-ақ жел күшейеді.

Температуралық фонға келсек, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы -0-5 градустан -18-30 градус аязға дейін күрт ауытқиды, ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында -33-35 градусқа дейін аяз болады. Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары