$ 517.66  606.49  6.44

Қазақстан мен Жапония құны 3,7 млрд доллардан асатын құжатқа қол қойды

Президенттің сөзінше, Қазақстан ұзақ уақыттан бері ірі жапон корпорацияларымен табысты қарым-қатынас орнатты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға баса мән беру қажет.  Былтыр өзара сауданың көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті.  Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді. Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Оның елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты», – деді Тоқаев.

Президенттің сөзінше, Қазақстан ұзақ уақыттан бері ірі жапон корпорацияларымен табысты қарым-қатынас орнатты.

«Біз елімізде еңбек етіп жатқан Жапонияның шағын және орта компанияларының қызметіне қолдау көрсетіп келеміз. «Орталық Азия – Жапония» форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтарға қол жеткізетінімізге сенімдімін.  Жапонияға сапарымның аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар», – деді президент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары