$ 517.66  606.49  6.44

Қаза тапқандар бар: Біріккен Араб Әмірліктерін су басты (ВИДЕО)

БАӘ Ұлттық метеорология орталығы ел бойынша құбылмалы ауа райы туралы хабарлады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Нөсер жауыннан Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қалаларды су басты. Ел билігі тұрғындарды үйде қалуға, су басқан аймақтардан аулақ болуға және саяхатты шектеуге шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

БАӘ Ұлттық метеорология орталығы ел бойынша құбылмалы ауа райы туралы хабарлады. Нөсер жауын жауып, жел екпіні күшейеді деп болжанып отыр.

БАӘ-нің көп бөлігінде нөсер жаңбыр жауды. Khaleej Times хабарлауынша, жауын-шашынның ең көп мөлшері Рас-эль-Хаймада (127 мм) жауған, Порт Сакрда 123 мм, ал Джабаль-ар-Рахба мен Джабаль-Джейстің таулы аймақтарында сәйкесінше 117,5 мм және 166,6 мм жауын-шашын жауды.

Gulf News хабарлауынша, Шарджа полициясы су тасқынынан өнеркәсіптік аймақта екі адамның электр тоғынан қаза тапқанын тергеп жатыр.

Елдің ең ірі қалаларының бірі Дубайды да су басты. Билік қауіпсіздік мақсатында қаладағы саябақтар мен қоғамдық жағажайларды жапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жаңбыр #БАӘ