$ 517.66  606.49  6.44

Автобустағы жанжал: Алматыда бір топ жігіт шетелдіктерге шабуыл жасады (ВИДЕО)

Жағымсыз оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда автобуста тұрған шетел азаматтарын бір топ жігіт ұрып-соғып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жағымсыз оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Агенттік тілшісіне қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне ресми түсініктеме берді.

Белгілі болғандай, әлеуметтік желіде таралған, Алматы қаласындағы қоғамдық көліктердің бірінде бұзақылық сипатындағы әрекет бейнеленген бейнежазбаға байланысты полиция тарапынан жедел түрде тексеру және іздестіру шаралары басталды.

«Анықталғандай, аталған оқиға осы жылдың 18 желтоқсанында болған. Бұл дерек бойынша полиция органдарына ресми арыз-шағым немесе хабарлама түспеген. Қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дер кезінде шара қолданып, тәртіп бұзушыны автобустан түсірген.

Сонымен қатар, аталған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ автобуста болған шетел азаматының және өзге де тұлғалардың жеке басы анықталып жатыр», - делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, қоғамға ашық түрде құрметсіздік танытатын, жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына қайшы келетін дөрекі әрі арсыз әрекеттер үшін заңнамада әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары