$ 510.18  601.91  6.51

Ақтауда жасөспірімдер оқушы қызды қорлап, зорлады деп айыпталды

Бұл жағдайға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті жауап берді.

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com

Әлеуметтік желіде ақтаулық жасөспірімдердің 13 жастағы оқушы қызға зәбір көрсетіп, зорлады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақтауда бірнеше жасөспірім 13 жастағы мектеп оқушысын мазақ етіп, зорлады деп айыпталды. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, биыл қыркүйек айында болған қылмысқа қатысты ешкім тергеліп, қамауға алынбаған.  

Бұл жағдайға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

“Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлімі (Кәмелетке толмағанға зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды”, – делінген жауапта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары