$ 511  602.72  6.49

«Өз анасы жоқ па?»: Алматыда жүргізуші қарт әжейді автобустан түсіріп жіберген (ВИДЕО)

«Қарт адамға көмектесу керек еді». 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласында қоғамдық көлікте болған оқиға көпшіліктің ашу-ызасын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушылардың талап етуінен кейін егде жастағы әйелдің автобустан түсіріліп кеткені көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, автобус салонында жағымсыз иіс шыққан. Осыған байланысты кейбір жолаушылар жүргізушіден тыныс алу мүмкін емес екенін айтып, қарт әйелді көліктен түсіруді талап еткен. Нәтижесінде егде жастағы жолаушы аязды күні аялдамалардың бірінде жалғыз қалдырылған.

Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік мұндай әрекетті адамгершілікке жат деп бағалауда. Пікір қалдырғандар:

 «Өз аналары жоқ па?», «Бұл – қорлық», «Қарт адамға көмектесу керек еді», «Мұндай жағдайда түсірмей, қолдау көрсету қажет болатын»,– деп сынды жазбалар қалдырған.

Оқиға қоғамда қарттарға деген құрмет пен қоғамдық көліктегі этика мәселесін қайта көтерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары