$ 511  602.72  6.49

Алматыда мектеп оқушылары теракт туралы хабарлама берген

Құзырлы мекеме жасөспірімдер осы әрекетті саналы түрде жасағанын және теракт туралы мәліметтің жалған екенін анықтады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

№10 мектепте оқитын 3 оқушы білім мекемесіне жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған мәлімет таратқан, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

 

Хабарлама берген оқушылар осылай сабақты үзгісі келген.  

Құзырлы мекеме жасөспірімдер осы әрекетті саналы түрде жасағанын және теракт туралы мәліметтің жалған екенін анықтады.

Үш оқушының әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Терроризм актісі немесе жарылғыш зат қою туралы кез келген жалған хабар тарату құқық бұзушылыққа жатады. Оны тексеру үшін жедел қызмет жұмылдырылып, сабақ тоқтайды", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары