26.12.2025, 00:30

Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі: айыпталғандар тағы да ақталып шықты

Фото: видеодан скрин

2024 жылдың шілдесінде абақты қызметкерлеріне Атбасар қаласындағы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды азаптады деген айып тағылған еді.

Атбасар түрмесіндегі азаптау ісі бойынша айыпталған 12 күдікті тағы да ақталды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты алқабилердің қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесінің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарып, олардың барлығын толық ақтады.

Айта кетейік, 2024 жылдың шілдесінде абақты қызметкерлеріне Атбасар қаласындағы мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды азаптады деген айып тағылған еді.

Тегтер: түрме атбасар