$ 449.58  486.94  4.86

Ауыл кәсіпкерлері 680 млн. теңге несиеге 25 мыңнан аса қой сатып алды

159 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы сомасы 680 млн. теңгенің несиесіне ие болды, деп хабарлады Skifnews.kz.

«ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, «Агробизнес - 2020» бағдарламасын орындау мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қой өсіруді қолдау үшін «Алтын асық» бағдарламасын іске асыра бастады. Несие саулық пен асыл тұқымды қошқар сатып алу үшін жылдық 14 пайыз сыйақымен беріледі.

«Қой өсіруді несиелеу жобасы аясында корпорация жалпы құны 800 млн. теңгеден асатын 193 жобаны мақұлдады. Онда Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы шаруа қожалықтарынан 31 мың бас қой алу үшін өтініш берілген. Соның ішінде, 159 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы сомасы 680 млн. теңгеге 25 мыңнан аса қой сатып алды», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары