$ 494.87  520.65  4.91

ЕАЭО дамуы негізгі бағыттарының жобасы дайындалды

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің Экономикалық дамуының негізгі бағыттары жобасын дайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, ЕАЭО мүше мемлекеттердің Экономикалық дамуының негізгі бағыттары мүше мемлекеттер жүзеге асыруға талпынатын әлеуметтік-экономикалық дамудың перспективалық бағыттарын анықтайтын нұсқаулық сипатындағы құжат болып табылады.

Құжат 2030 жылға дейінгі ЕАЭО интеграциялық әлеуетін жүзеге асыру бойынша кешенді экономикалық бағдарлама болмақшы.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, ЕАЭО мүше мемлекеттер экономикалық дамуының негізгі бағыттары ретінде мыналар анықталған:

1) Инвестициялық тартымдылықты көтеру және іскерлік белсенділіктің өсуі үшін жағдай жасау;

2) Инновациялық даму және экономиканың жаңғыртылуы;

3) Қаржы ресурстары қолжетімділігін қамтамасыз ету және қаржы нарығын дамыту;

4) Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

5) Инфрақұрылымдық даму, соның ішінде транзиттік әлеуетті жүзеге асыру;

6) Кадрлық әлеуетті дамыту;

7) Энергия тиімділігін көтеру және ресурсты үнемдеу;

8) Өңірлік даму және шекара маңы ынтымақтастығы;

9) Халықаралық ынтымақтастық және сауда әлеуетін жүзеге асыру.

Актілерді дайындаудың жұмыс жоспарына сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттер экономикалық дамуының негізгі бағыттары 2015 жылғы 31 наурызда қабылданатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары