Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткердің жағдайы күрт нашарлаған.
Кеше, 25 желтоқсан күні Өскеменде 67 жастағы зейнеткер көлігін жүргізіп келе жатып, көз жұмған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткердің жағдайы күрт нашарлаған.
«Suzuki маркалы көлікті жүргізіп келе жатқан 67 жастағы зейнеткердің жағдайы күрт нашарлап, көлік тоқтап қалған. Оның жанындағы жолаушы жедел жәрдем шақырған. Алайда, дәрігерлер келгенше зейнеткер көз жұмды», - деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.