Қоштасу рәсімі Дүниежүзілік кино күніне тұспа-тұс келді.
Бүгін Алматы қаласында Жазушылар одағында Қазақстан халқының еңбек сіңірген қайраткері, киносценарист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжарды жұрт ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.
Қоштасу рәсімі Дүниежүзілік кино күніне тұспа-тұс келді.
Марқұммен қоштасу барысында сөз сөйлеген актер әрі кинорежиссер Болат Ғалымбетов бала күннен бірге өскен досының көкейінде орындалмай қалған армандары болғанын айтты. Ол Нұрлан Сегізбаевтың шығармашылығына жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбегеніне іштей қынжылғанын жасырмады.
«Жасыратын несі бар?! Бізге кішкене ренжіді ғой. Себебі оған дұрыс көңіл бөлінген жоқ. Керемет-керемет сценарийлары іске аспай қалды. Ол өзінің өмірінің аз қалғанын сезді. “Маған қашан мүмкіндік береді?” дейтін. Сосын өзім де кино түсіре алмай жүргенімді айтатынмын», — деді ол.
Айта кетейік, Нұрлан Санжар желтоқсан айының басында ғана Жазушылар одағына мүше ретінде кірген болатын. Бұл жайлы ол шәкірттеріне:
«Жастық шақта қосылу керек еді. Қазір денсаулық керек. Біздің өмір қайғылы», — деп соңғы хаттарында жазған.
Еске салайық, Нұрлан Сегізбаев 26 желтоқсан күні дүниеден өтті. Ол қазақ киносының алтын қорына енген «Менің атым Қожа» фильміндегі басты кейіпкердің рөлін сомдап көрерменнің жүрегінде мәңгі сақталды.
Марқұм тірі болғанда, 28 қаңтар күні 75 жасқа толар еді.
Фото: Qaz365.kz/ Бауыржан Карипов