$ 504.6  594.27  6.48

Қызылордада екі көше екі жыл бойы қараңғыда қалған

Бұл жағдай Қызылорда қаласы әкімдігі мен жауапты қызметтердің тұрғындардың күнделікті қауіпсіздігіне салғырт қарап отырғанын аңғартады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қызылорда қаласында Чайковский мен Бектұрғанова көшелерінде түнгі жарық мәселесі ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тұрғындардың айтуынша, бұл аумақта шамдар кемінде екі жылдан бері мүлде жанбайды. Көшелердің қараңғы болуы адамдардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіріп, қауіпсіздікке тікелей қатер төндіріп отыр. Жақында тұрғындар үйлердің жертөлесіне мас күйдегі бейтаныс адамның кіріп жүргенін байқап, полицияға арыз жазуға мәжбүр болған. Куәгерлер әлгі адамның кейде көпқабатты үйдің шатырына да шығатынын айтады. Алайда өтініштің прокуратураға жолданғаны туралы хабардан өзге нақты нәтиже байқалмаған.

Бұл жағдай Қызылорда қаласы әкімдігі мен жауапты қызметтердің тұрғындардың күнделікті қауіпсіздігіне салғырт қарап отырғанын аңғартады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары