$ 504.6  594.27  6.48

Жаңа секта ма? Түркияда намазды мазақ еткен TikTok-тренді шықты

Қоғамда бұл бейнежазба қызу талқыға түсті. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Түркияда ислам құндылықтарын келемеждейтін TikTok-тағы даулы бейнежазбалар қоғамда үлкен наразылық тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің намаз оқуды әдейі мазақ етіп, «ойын-сауық» ретінде көрсеткені байқалады.

Бұл жайтты көптеген қолданушылар әзіл не сөз бостандығы деп қабылдауға болмайтынын айтып, діни сезімдерді қорлау әрі исламдық құлшылықтың бейнесін бұрмалау деп бағалады.

Наразылық ел ішінде ғана емес, шекарадан тыс жерлерге де тарап, әлемнің әр түкпіріндегі мұсылмандар Түркия билігін қатаң шара қабылдауға шақырды. Қоғамда қызу талқы жүріп жатқанда, мұндай бейнелердің еркін таралуына жол берген жауапты құрылымдарға қатысты сұрақ та күшейе түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары