Олардың айтуынша, түнгі сағат 02:00-ден бері батареялар суып, пәтер іші мұздай болып кеткен.
Қызылорда қаласындағы 4-шағынауданның 2-үй тұрғындары бірнеше күннен бері жылусыз отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Олардың айтуынша, түнгі сағат 02:00-ден бері батареялар суып, пәтер іші мұздай болып кеткен.
Тұрғындар күн сайын 109 нөміріне қоңырау шалудан шаршағанын, алайда нақты нәтиже жоқ екенін айтады. Қыс қыспағы күшейген шақта жылусыз қалу – адам денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жағдай.
Ашуға булыққан жұрт ТЭЦ орталығына қарызымыз жоқ, жылуды алдын ала артығымен төлеп отырмыз деп мәлімдеді. «Жылуды дұрыстап беріңіздер, болмаса мүлде алып тастаңыздар, жеке газ кіргізейік» деген талап та қойылды. Ал бұл жағдайға жауапты мекемелердің үнсіздігі тұрғындардың ашу-ызасын одан әрі үдете түсті.