Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
Көкшетау қаласында Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сілтеме жасап.
Көкшетау қалалық полиция басқармасы хабарлағандай, 28 желтоқсанда Жағалау көшесінде, Әуезов көшесінің қарсы бетінде «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.
«Көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың металл қоршауына және көшені жарықтандыруға арналған металл тірекке соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін олар үйлеріне жіберілді», - деп хабарлады полиция деппартаменті.
ЖКО-ға кінәлі тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.