$ 504.76  593.8  6.5

IMEI верификация: Айдархан Құсайынов Қазақстанның инфокоммуникациялық қауіпсіздігі туралы

Бұл жүйе тұтынушыларды алаяқтықтан, ұрланған немесе қолдан жасалған құрылғыларды сатып алудан қорғайды.

Фото: Midjourney
Фото: Midjourney

Цифрлық ортаның дамуына байланысты IMEI-кодтарды верификациялау мәселесі жаңа қырынан қарастырыла бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Бүгінде смартфондар биометриялық мәліметтерден бастап банк қосымшаларының деректері мен жеке хат-хабарларға дейінгі орасан зор көлемдегі жеке ақпаратты сақтайды, өңдейді және таратады», – деп жазады экономист Айдархан Қусаинов өзінің Telegram-арнасында.

Оның пікірінше, верификация 100% кепілдік бермегенімен, құрылғының шыққан тегін декларациялауға мәжбүрлейді және елдің телекоммуникация желісіне қосылған құрылғылардың тарихын ашық етеді.

Мысал ретінде Ливиядағы жағдайды келтіруге болады: елге шығу тегі белгісіз пейджерлер әкелініп, кейін олар жаппай қырып-жою қаруы ретінде пайдаланылған.

«Қазіргі ақпараттық шындықта елге қалай кіріп жатқаны түсініксіз гаджеттер иелері үшін де, жалпы ұлттық қауіпсіздік үшін де елеулі қатер төндіреді. Демек, оларды есепке алу мен бақылаудың, соның ішінде әкімшілік шаралар арқылы да, заңды алаңы құрылуы тиіс. Арзанға қызығып, адамдар бүкіл жеке ақпаратын қайдан шыққаны белгісіз, немен “зарядталғаны” түсініксіз құрылғыларға сеніп тапсырғаннан гөрі, елге тек “ақ”, зауыттан шыққанына кепілдік берілген құрылғылардың кіргені әлдеқайда дұрыс», – деп атап өтеді Айдархан Қусаинов.

Мобильді құрылғылардың IMEI-кодтарын міндетті түрде верификациялау көптеген елдерде енгізілген. Мәселен, Еуроодақта есепке алу операторлар мен өндірушілерді сертификаттау арқылы жүзеге асырылады, бұл шығындар құрылғының бағасына алдын ала енгізілген. Түркияда шетелден әкелінген телефонның IMEI-кодын тіркеу абонентке 46 мың лираға түседі, бұл 571 мың теңгеден асады.

Қазақстанда жеке пайдалануға әкелінген телефондар үшін верификация азаматтар үшін тегін. Алайда белгілі бір лимиттер бар: ЕАЭО елдерінен жылына 2 ұялы телефон және 2 планшет; басқа елдерден айына 2 ұялы телефон және 2 планшет әкелуге рұқсат етіледі. Ал ресми сауда нүктелерінде құрылғыларды тіркеу міндеті жеткізушінің мойнында. Процедураның құны – 1 АЕК (3932 теңге), бұл құрылғының соңғы бағасына әсер етпейді.

Контрафактпен күрестің кейбір елдердегі тәсілдері нақты бас бостандығынан айыру жазасын да қарастырады. Мысалы, Колумбияда смартфонды бұғаттауды айналып өту немесе ресми верификациядан қашу 8 жылға дейін түрме жазасына әкелуі мүмкін.

Қауіпсіздік мәселелерінен бөлек, смартфон нарығын «ақтау» елеулі экономикалық әсер береді. 2025 жылдың наурыз айынан бастап міндетті верификация енгізілгеннен кейін заңды импорт көлемінің өсуі, салық түсімдерінің артуы және ресми дистрибьюторлардың позициясының нығаюы байқалуда.

Сонымен қатар бұл жүйе тұтынушыларды алаяқтықтан, ұрланған немесе қолдан жасалған құрылғыларды сатып алудан қорғайды. IMEI-верификация әрбір смартфонның шығу тегін бақылауға мүмкіндік береді, бөтен немесе жалған идентификаторларды пайдаланудың алдын алады және жеке деректердің таралып кету қаупін төмендетеді. Бұл жаппай цифрландыру мен онлайн-сервистер санының өсуі жағдайында ерекше маңызды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары