31.12.2025, 13:20

«Жаңа жыл дастарханынан қалған тағамды ертеңіне жеуге болмайды»: Дәрігер көпшілікке үндеу жасады

Фото: pixabay

Дәрігердің айтуынша, тағамдарды сақтаудың бірнеше ережесі қатаң сақталуы қажет.

Жаңа жылды қарсы алған дастарханнан қалған тағамдарды ертеңінде қайта тұтыну – мереке күндері тағамнан уланудың негізгі себептерінің бірі. Мұндай тағамдардың қауіпсіздігі олардың түріне, сақтау жағдайына және дұрыс жылытылуына байланысты. Бұл туралы ҚР ПІБ Референс-зертханасының санитариялық дәрігері Анар Мұсағалиева түсіндірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігердің айтуынша, тағамдарды сақтаудың бірнеше ережесі қатаң сақталуы қажет.

1. Қауіпсіз қайта жылыту ережелері

Температура

Тағамның ішкі температурасы кемінде 74°C болуы тиіс.

Бір рет қана жылыту

Тағамды тек бір рет қана жылытуға болады. Қайта салқындатып, қайта жылыту улану қаупін айтарлықтай арттырады. Қайнағанға дейін жеткізу Сұйық тағамдар (соус, тұздық) міндетті түрде толық қайнауы қажет. Біркелкі қыздыру Микротолқынды пеште қыздырғанда тағамды араластырып тұру ұсынылады.

Қайта жылытуға қауіпті өнімдер

Картоп – дәмі мен пайдалы қасиеттерін жоғалтады; Тауық еті – ақуыз құрылымы өзгеріп, ас қорытуға ауырлық түсіруі мүмкін; Күріш – Bacillus cereus бактериясының споралары улануға әкелуі ықтимал; Саңырауқұлақтар мен жұмыртқа – қайта өңдеуге өте сезімтал;

Ет тағамдарын келесі күні тұтыну қауіпсіз, егер олар дастарқанда 2 сағаттан артық тұрмаған және толықтай буға дейін қыздырылған болса, жей беруге болады, - дейді дәрігер.

Қауіпсіздік мақсатында әрдайым бір ретке арналған мөлшерді ғана жылыту ұсынылады.