1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
ҚазАвтоЖол үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Бүгін, 31 желтоқсан сағат 14:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:
Батыс-Қазақстан облысы:
- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 189-492 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін);
- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-526 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).
Ақтөбе облысы:
- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-610 шақырым аралығы (Батыс Қазакстан облысының шекарасынан Қобда елді мекеніне дейін).
Атырау облысы:
- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 179-189 шақырым аралығы (Индербор кентінен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).
Жолды 2026 жылғы 1 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін 31 желтоқсанда елдегі қай жолдар жабық тұрғанын жазған едік.