Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтаған.
Астанада 33 жастағы ер адам мас күйде аялдама шынысын теуіп сындырған. Кейін оны полиция дереу ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға Кенесары көшесінде болған. Кешкі уақытта белгісіз адам автобус аялдамасының шыны құрылымын теуіп сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтаған.
Мәліметке сәйкес, 33 жастағы елорда тұрғыны мас күйде аялдама павильонының құрылымын сынап көрмек болған. Осылайша ол орынсыз әрекеті үшін жауапкершілікке тартылды.
“Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша ер адамға қатысты іс қозғалды. Сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды”, – делінген хабарламада.
Полиция қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырып, оны бүлдіру барша азаматтарға зиян келтіріп, қаланың жалпы келбетіне нұқсан келтіретінін жеткізді.