31.12.2025, 21:30

Тағы екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Pixabay

Жолды 2026 жылғы 01 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты тағы екі облыста жол жабылғанын хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

31 желтоқсан сағат 19:00-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі: 

Ақмола облысы: – «Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы» автомобиль жолының 32-92 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін);

Қарағанды облысы: – «Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы» автомобиль жолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін);

Жолды 2026 жылғы 01 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.