$ 505.53  593.44  6.34

Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды

Жаңа өзгерістер 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.  

Фото: autopart.kz
Фото: autopart.kz

2026 жылдан бастап автокөлікті сақтандыру құны шартты алғаш жасасқан жүргізушілер үшін төмен болады. Бұл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысында көрсетілген, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Аталған шара жаңа жүргізушілер үшін сақтандыру жүйесіне кіруді жеңілдетіп, олардың қаржылық жүктемесін азайтады. Дегенмен көлік жас жүргізушілер үшін автосақтандыру құны қаншалықты төмен болатыны әзірге белгісіз.

«Бонус-малус» жүйесіндегі коэффициенттерді есептеу механизмі де өзгертілді. Енді оларды қолдану тәртібі нақтырақ болып, мемлекеттік деректер базаларына шектеулі қолжетімділік жағдайлары да ескерілген. Бұл сақтандыру жарнасын дұрыс есептемеу жағдайларын және автокөлік иелерінің шағымдарын азайтуға көмектеседі.

Еске салайық, 2026 жылы айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар мөлшері өсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары