$ 505.53  593.44  6.34

Кентауда газ жарылып, 1 адам қаза тапты

Зардап шеккен 4 адам ауруханада жатыр.  

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Түркістан облысының Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан өрт шыққан, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау жедел түрде ауыздықталды.

– Оқиға салдарынан 1 адам қаза тапты. Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді, олардың 2-еуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар толық медициналық бақылауда, – делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына барып, жауапты қызмет өкілдерімен жедел кеңес өткізіп, жағдайды жеке бақылауына алды. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары басталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары