Дональд Трамп агрессивті түрде жасалған соққының мән-жайын түсінідіріп, тікелей эфирге шықты.
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға жасалған соққы туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Венесуэла президенті Николас Мадуро елді үрейде ұстап, есірткі тасымалына себеп болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Дональд Трамп агрессивті түрде жасалған соққының мән-жайын түсінідіріп, тікелей эфирге шықты.
"Ешбір мемлекет дәл АҚШ сияқты аз уақытта жетістікке жете алмайды. Кеше Каракаста электр жарығы өшірілді. Мадуро өз әйелімен тұтқындалды. Олар Американың сотымен жазаланатын болады", - дейді Трамп.
Оның айтуынша, АҚШ-тың бір де бір әскериі зардап шеккен жоқ.
"Бірінші соққы өте сәтті өтті. Егер керек болса соққының екінші толқынын жасауға дайынбыз. Әрине оның қажет болмауы да мүмкін. Бірақ біз екінші толқынды, яғни ең ірі соққыны жасауға дайынбыз. Венесуэланың халқы қауіпсіздікте өмір сүру үшін аянып қалмаймыз", - дейді АҚШ президенті.
Трамптың айтуынша, Венесуэладан жылдар бойы жеткізілген есірткінің салдарынан жүз мыңдаған америкалық зардап шеккен.
"Федералды қызмет араласуына тура келді. Зорлық-зомбылықпен айналысып, халықты үреймен ұстаған Мадоуро бандысы енді болмайды. Олар адамдарды ұрып-соғып, ұрлаумен айналысты. Енді террористік ұйымар америкалықтарды үрейде ұстамайды. Мадуро режимі америкалықтардың өміріне қауіп төндірді. Венесуэла басшылығы Американың мұнай саласын басып алып, милиардтаған доллар шығын келтірді. Мадуро режимі Американың меншігін ұрлады", - деп айыптады АҚШ президенті.
Венесуэлада Мадуроның қарулы режимін жойдық деген Трамп АҚШ мемлекетінде есірткі саудасына енді жол берілмейтінін айтты.
"Мадуроны бұған дейін қаперге алмап ек, енді мұндайға жол бермейміз. Америкаға қауіп тудыратын мемлекет Трамптың кезінде болмайды. Өз шекарамызды қорғайтын боламыз, кез келген қауіптен қорғайтын боламыз. Мен жеке басым террористерге ешқашан жол бермеймін. Венесуэла диктаторлары кетті, енді халық қауіпсіз. Америка қауіпсіз мемлекет болады.", - дейді Трамп.