$ 512.83  600.58  6.36

Теміртау тұрғыны ессіз әрекетке барамын деп түрмеден бір шықты

Қарағанды облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Теміртауда ер адам көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі шыршаны өртеп жіберген. Полиция күдіктіні бірден қолға түсірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға болған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан ер адамның шыршаға әдейілеп жақындап, өрт қойғанын көруге болады. Мәліметке сәйкес, өрт жедел түрде сөндірілген, зардап шеккендер жоқ.

Қарағанды облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. 

“Теміртау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде жаңажылдық безендірулерді әдейі бүлдіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды”, – делінген хабарламада. 

Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының осы үйдің 33 жастағы тұрғыны екенін анықтады. 

“Қазір  оған қатысты “Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру” бабы бойынша әкімшілік материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Теміртау тұрғынының бұл әрекеті үшін 10 күнге қамауға алынғаны белгілі болды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары