Сондай-ақ мектеп директоры Жаңа жылмен оқырмандарын құттықтап, ақ тілегін арнады.
Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза желідегі парақшасында алғаш рет күйеуі туралы жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол желіде белсенді болуына жолдасының қарсы болғанын жасырмады.
"Жолдасым алғашында блог бастауымa қарсы болды. Бірақ ол қарсылық қолдамаудан емес еді. Ол — мені тіл-көзден қорғау, елдің сұғынан, қызғанышынан сақтау болатын. Сол қарсылықтың артында үлкен махаббат, терең сыйластық, нағыз ер азаматқа тән жауапкершілік жатты. Бүгін жылды сәтті аяқтап, бәрімізді жаңа жылмен құттықтай отырып, жан жарымa алғыс айтқым келеді. Қайда барсам да қасымнан табылғаны үшін, аялай білгені үшін, сыйлай білгені үшін, шын жүрегімен сүйе білгені үшін рахмет айтқым келеді. Адам өмірге жалғыз келмейді. Әр адамға Алла өз серігін қоса береді. Сол серікті адаспай табу — үлкен бақыт. Ал сол адамға өміріңді сеніп тапсыру — одан да үлкен нығмет. Әйел қанша мықты, білімді, табанды болса да, оның артында тірек болатын ер азамат болса ғана ол нағыз дана әйелге, нағыз нәзік әйелге айналады. Ер азаматтың мықтылығы — дауыс көтеруде емес, қорғауда, сабырда, жауапкершілікте. Отбасын сырт көзден, жаман сөзден, қиын сәттен қорғай білу — нағыз ерлік", - деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.
Сондай-ақ мектеп директоры Жаңа жылмен оқырмандарын құттықтап, ақ тілегін арнады.