$ 512.83  600.58  6.36

Алматыны Нью-Йорк, Париж сияқты «ұйықтамайтын қалаға» айналдыру тапсырылды – Тоқаев

Президент сондай-ақ CNN Travel нұсқасы бойынша Алматы 2025 жылы Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» атанғанын еске салды.

© Depositphotos
© Depositphotos

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында Алматыны «ұйықтамайтын қалаға» айналдыруды тапсырғанын мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бұл бастама арқылы ол оңтүстік астананы ірі, заманауи мегаполис ретінде көргісі келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Президент сондай-ақ CNN Travel нұсқасы бойынша Алматы 2025 жылы Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» атанғанын еске салды.

«Әкімге Алматыны Нью-Йорк, Мәскеу, Париж секілді «ешқашан ұйықтамайтын», тәулік бойы қонақтарының игілігі үшін жұмыс істейтін қалаға айналдыруды тапсырдым. Мұнда атқарылатын жұмыс көп — инфрақұрылым, абаттандыру, жарықтандыру мәселелері бар», - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары