Соқтығыс салдарынан екі көлік те оқиға орнында өртеніп кеткен.
4 қаңтар күні шамамен сағат 19:15-те республикалық маңызы бар Атырау – Орал автожолында, Qazaq Oil жанармай құю бекетінің маңында жол апаты болды, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылғы жүргізуші басқарған Mercedes автокөлігі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, рөлінде 1979 жылы туған азамат отырған Газель автокөлігімен соқтығысқан.
Соқтығыс салдарынан екі көлік те оқиға орнында өртеніп кеткен. Жол апаты кезінде Газель көлігінің жолаушысы – 1966 жылы туған әйел адам қаза тапты.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті материалдар жинақталуда. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қарсы бағыттағы жолаққа шығу кезінде ерекше сақ болуға шақырады.