$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда қыз зорлаған екі боз бала 15 жылға қамалуы мүмкін

Алматы түбінде топ болып қыз зорлау қылмысына қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахметке сілтеме жасай отырып.

Аталмыш оқиға 26 шілде күні Іле ауданында болған.

— Алдымен бір тәулік бұрын күдіктілердің бірі - Іле ауданының 1994 жылы туған тұрғыны ұсталды. Сәл кейінірек екінші күдікті ұсталды. Күдіктілердің екеуін де жәбірленуші таныды, олар кінәлерін мойындап, жауап берді. Сараптама зорлау дерегін растады, — деп хабарлады Нұрахмет.

Еске сала кетсек, бір қызды екі жігіт ойын-сауық орталықтарының бірінің маңында зорлап кеткен еді. Күдіктілер бірден ізін жасырған. Құқық қорғау органы қызметкерлерінің мәліметінше, қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторында отыр. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі - «Алдын ала сөз байласу арқылы немесе ұйымдасқан топ болып қыз зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Қылмыстық іс жуық арада сотқа жолданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары