Биыл қаңтар мен маусым аралығында Ресейге 481 алматылық көшкен. Халықаралық көші-қон алмасу ағымында көшіп келушілердің саны 856 адамды құрап, 18,0 пайызға, ал, көшіп кетушілердің саны 926 адамды құрап, 1 пайызға азайған, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Алматы қаласының Статистика департаментінің ресми сайты мәлімдегендей, көші-қон алмасуы негізінен ТМД мемлекеттерімен болып отыр. Төменде аталған елдермен көші-қон сальдосы теріс болып тұр: Ресей (-481 адам), Беларусь (-28 адам) және Армения (-1 адам). Басқа елдердің арасында Германиямен (-54 адам), АҚШ-пен (-32 адам), Канадамен (-25 адам), Израиль (-6 адам) және Латвиямен (-4 адам) көші-қон сальдосының теріс болғаны байқалған.
Сонымен қатар, Алматы қаласы аумағына 2014 жылғы қаңтар-маусымда республиканың басқа өңірлерінен, қиыр және таяу шетелдерінен 16,7 мың адам келіп, қаладан 9,8 мың адам кетті.
«Барлық көші-қон байланыстарының арасында қала үшін ең белсендісі Қазақстандағы басқа өңірлермен алмасу болып табылады. Оның үлесінде барлық қалаға келгендердің 94,9%-ы және қаладан кеткен көшіп қонушылардың 90,6%-ын құрайды. 2013 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда өңіраралық ағым аясында келгендердің саны 1,6 есе өсіп, 15,8 мың адам, кеткендердің саны 11,5%-ға артып, 8,9 мың адам құрады», делінген хабарламада.