$ 509.94  593.88  6.43

Астанада 9 айлық сәби ауруханада күйіп қалған

Ал Астана қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы бұл факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Астанада ауруханада 9 айлық сәби ауруханада ем алу кезінде кенет күйіп қалған. Сәбидің анасы мұны дәрігерлердің салғырттығынан екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

KöpSöz Telegram арнасының мәліметінше, астаналық әйелдің қызы №3 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына пневмония диагнозымен жатқызылған. Сәби жансақтау бөлімінде емделген. Анасының айтуынша, емдеу кезінде медициналық қызметкерлердің немқұрайлылығынан сәби аяғынан күйік алған.

Анасы медициналық қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын және сәби жағдайына қажетті бақылаудың болмағанын айтты. Ол ресми тексеру жүргізіп, жауапты тұлғаларды тәртіптік және басқа да жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. 

Ал Астана қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы бұл факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары