$ 509.94  593.88  6.43

Павлодардағы пәтерлердің бірінен мәйіт табылды

Қазір полиция мен құтқарушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен 1962 жылы туған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Аймақтық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көршілер пәтерден түтін иісі шығып жатқанын байқаған. Оқиға орнына келген құтқарушылар терезе тұсынан қою түтін көріп, пәтерге кіру үшін есікті бұзуға мәжбүр болған.

«Пәтерге кірген кезде ес-түссіз жатқан ер адам көрінген. Өкінішке қарай, ол қаза тапқан. Құтқарушылар плитаның үстінен қосулы тұрған ыдыс тапқан», - деп хабарлайды ТЖД.

Қазір полиция мен құтқарушылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары