$ 512.83  600.58  6.36

Апатты жатақхана – әкімдікке сын: Оралда адамдар адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр

Бұл нысан ресми түрде апатты деп танылған, алайда көшіру мәселесі жылдар бойы шешілмей келеді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Орал қаласындағы 1964 жылы салынған 138 бөлмелі жатақхананың жағдайы жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Қабырғалары жарылған, төбесінен су сорғалаған, электр сымдары ашық жатқан ғимаратта тұру қауіпті екені анық байқалады.

Тұрғындардың айтуынша, бұл нысан ресми түрде апатты деп танылған, алайда көшіру мәселесі жылдар бойы шешілмей келеді. Жылу мен су уақытша реттелгенімен, ғимараттың жалпы ахуалы адам тұруға мүлде жарамсыз.

«Бұл жерде өмір сүру мүмкін емес, бірақ басқа барар жеріміз жоқ», – дейді тұрғындар.

Қала әкімдігі мен жауапты министрліктер уәдемен ғана шектелмей, нақты әрекетке қашан көшеді деген сұрақ әзірге жауапсыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары