$ 509.94  593.88  6.43

Астанада автобус апатқа ұшырады

Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Әбіш Кекілбаев көшесінің қиылысында жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, Daewoo маркалы автобустың жүргізушісі көктайғақ салдарынан көлікті басқара алмай, Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан. Соққының әсерінен Chevrolet инерциямен қозғалып, Audi көлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды қыс мезгіліндегі ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдықты асырмауға, арақашықтық сақтауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары