Әуе компаниясы БАҚ өкілдері мен жұртшылықты сот процесі аяқталғанға дейін қорытындылардан бас тартуға шақырады.
Air Astana Ренат Абулхановтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
— Компания қызметкері Абулханов Р. жасаған жарияланымдардың әлеуметтік желілерде таралуына байланысты компанияның ұстанымын белгілеу қажет деп санаймыз. Қазіргі таңда аталған адамға қатысты құзыретті органдардың іс жүргізуіндегі қылмыстық іс шеңберінде іс жүргізу әрекеті жүргізіліп жатыр. Компания қолданыстағы заңнама шеңберінде қатаң әрекет етіп, тергеуге қажетті жәрдем көрсетіп жатыр. Iстiң нақты мән-жайларын бағалау, сондай-ақ кiнәлі не кiнәсiздiгі туралы тұжырымдар соттың құзыретiне ғана жатады, — делінген хабарламада.
Air Astana басшылықтың тапсырмаларын орындаудан бас тартқаны үшін компания тарапынан қудалау болды деген шындыққа жанаспайтынын айтты.
— Басшылықтың тапсырмаларын орындаудан бас тартқаны үшін компания тарапынан қудалау болды деген мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және қоғамдық пікірмен айла-шарғы жасаудың жолы. Көпшілік жарияланымдарда сондай-ақ компания қызметкерлерінің ішкі хат алмасу фрагменттері ретінде ұсынылған бейнелер көрсетілген. Компания көрсетілген материалдардың дұрыстығын, толықтығын және түпнұсқалығын растамайды. Олардың шығу мән-жайын және мазмұнын тексеру заңда белгiленген тәртiппен ғана мүмкiн, — делінген хабарламада.
Әуе компаниясы БАҚ өкілдері мен жұртшылықты сот процесі аяқталғанға дейін қорытындылардан бас тартуға шақырады.
— Компания өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін тексерілмеген ақпарат пен материалдарды таратуды жалғасып жатқан талқылау кезеңінде қоғамдық пікірге қысым көрсету әрекеті ретінде қарастырады және өзінің заңды мүдделерін құқықтық тәсілдермен қорғау құқығын өзіне қалдырады, — делінген хабарламада.