$ 509.84  595.75  6.47

Қостанайда ауыл тұрғындары сотталып кетті

Сот оларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және сот залында босатты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанай облысының екі тұрғыны учаскелік полиция қызметкерін балағаттап, күш қолданғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сот оларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады және сот залында босатты.

Анықталғандай, 2025 жылы 18 маусым күні кешкі уақытта Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Пресногорьковка ауылында кәмелетке толмаған баланы алып кету үшін дәмханаға мас күйінде екі ер адам келген. Олардың арасында жанжал туындап, сол арада бір адам өзінің өгей ұлын соққыға жыққан.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкері тәртіпсіздікті тоқтатуға тырысқан. Бірақ ер адамдар ашуға булығып, әдепсіз сөздер айтып, полиция қызметкеріне физикалық күш қолданып, қарсылық танытты. Салдарынан инспектор дене жарақатын алып, оның қызметтік киімі де бүлінген.

Сотта мемлекеттік айыптаушы әр сотталушыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушылардың бірі кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушіден кешірім сұраса, екіншісі айыбын мойындамады. Жәбірленуші тарап айыптаушы тараптың ұстанымын қолдады.

Сот екі айыпталушының да кішкентай балаларының болуын, өкініштерін және жағымды мінездемелерін ескерді. Нәтижесінде ауыл тұрғындарының біріне 5 жыл бас бостандығын шектеу, ал алдыңғы үкімді ескере отырып – 5 жыл 3 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Екіншісі бес жылға шартты түрде сотталды.

Үкім жарияланған соң екі айыпталушы да сот залында босатылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары