$ 509.84  595.75  6.47

Түркістан облысында анасы мен екі баласы газдан уланып көз жұмды

Оқиға қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуынан болған

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасының үш мүшесі улы газдан қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың бірі – анасы, екеуі – бала. Зардап шеккен тағы бір бала бүгін ауруханадан шығарылды. 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төрт адам уланған. Олардың үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Аман қалған бір бала бірден жан сақтау бөліміне жеткізілген.

– Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оқиға қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану ережелерінің бұзылуынан болған. Нақтырақ айтқанда, түтін шығару арнасы тазаланбаған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары