Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
Алматыдағы оқу полигонында өткен жаттығу кезінде әскери қызметкер өз аяғына оқ атты. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз қауіпсіздік талаптарын бұзған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 қаңтар күні сағат 15:05 шамасында Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің жеке құрамымен жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес оқу атысы өткізілген.
“Қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан 2–2025 шақырылымының мерзімді әскери қызметкер, қатардағы Г АК-74 автоматы арқылы сол жақ аяғына жанай оқ тигізіп, өзіне өзі жарақат салған. Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қаласындағы қалалық ауруханаға жеткізілді. Әскери қызметкердің жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіпті мүшелер зақымданбаған”, – деп мәлімдеді ведомстводан.
Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.