$ 510.43  594.86  6.49

Шымкенттегі бойжеткен өлімі: Күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: Otyrar.kz
Фото: Otyrar.kz

Шымкентте 21 жастағы бойжеткеннің өліміне байланысты күдікке ілінген азамат сот шешімімен қамауға алынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, сот санкциясымен күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

– Марқұмның туыстары келтірген барлық дерек пен уәж мұқият тексерілуде. Құқықтық баға сотқа дейінгі тергеу қорытындысы бойынша беріледі. Бұл қылмыстық істің тергелуі Шымкент қалалық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында, – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Шымкент қаласында 21 жастағы қыздың пышақ жарақаттарынан қаза тапқаны белгілі болған еді. Қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан бойжеткеннің қашып құтылуға тырысқаны, алайда жас жігіттің оны ұрып-соғып, бірнеше рет пышақтағаны және кейін оқиға орнынан қашып кеткені көрінеді. Бейресми ақпаратқа сәйкес, марқұмға 11 рет пышақ сұғылған.

Қылмыс 11 қаңтар күні кешкі уақытта Төлеметов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің маңында болған. Аталған дерек бойынша Шерхан Аймахан есімді азамат күдікті ретінде ұсталды. Оқиғаға қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 15
Күлкілі 0
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары